Синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 8-10 сәуір күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, антициклон шығыс бағытта жылжи отырып, республикамыздың көптеген облыстарында аз бұлтты, жаңбырсыз ауа райы сақталады. "Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай тропосфералық ағындардың ауысуы батыс облыстарында күн райының жылынуына алып келді. Демалыс күндері күн ауа райының жылынуы қалған аймақтарда күтіледі. Сондықтан ауа температурасы қалыпты нормадан 3-7 градусқа жоғары болады", - деді мамандар.
Бірақ сәуірде ауа райы тұрақсыз болғандықтан демалыс күні батыс аймақтарда Ресейдің еуропалық территориясынан кезекті циклонның енуімен жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі.