Жаңалықтар 10.04.2017 сағат 03:37

Египетте екі бірдей терактіден 36 адам қаза тапты

Египетте жексенбі күні болған екі жарылыстан кем дегенде 36 адам қаза тапты. Алғашқы шабуыл Александрия қаласының оңтүстік-шығысында 130 шақырым жерде орналасқан Танта қаласының Әулие Георгий шіркеуінде болған, бұл жарылыстан 25 адам қаза тапты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресми мәлімет бойынша, шіркеуде діни рәсімдерді өткізген патриарх Тавадрос II зардап шекпеген. Одан кейін Александрия қаласының өзінде екінші жарылыс болды. Әулие Марк шіркеуіндегі шабуылдан 11 адам қаза тапты.

Екі шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өз мойнына алды.

9 сәуірде христиан әлемі Пасха мерекесі алдындағы жексенбілік діни рәсімін өткізді. Египеттегі христиан копт қауымына шамамен алты миллион адам мүше.

Дереккөз: Centralasian.org

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар