$ 448.56  478.03  4.79

Ақмола облысында зейнеткер үсіп қайтыс болды

Ақмола облысының Айдабол ауылында суықтан үсіп қайтыс болған қарияның мәйіті табылды деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қайғылы оқиға кешегі аптаның демалыс күндері Айдабол ауылында орын алған. 70 жастағы зейнеткердің денесі ауылдағы дүкеннің артынан табылыпты.

"Алдын ала болжам бойынша, 1946 жылы туған ер азаматтың өлімі үсік шалғаннан болған. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ішкі істер органдары таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары