$ 443.85  474.3  4.8

Қостанай облысында оқытушысын аяусыз өлтірген жас жігіт құрықталды

Рудный қаласында индустриялды институттың оқытушысын пышақ сұғып өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды alau.kz.

6 желтоқсан күні Рудный ІІБ кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласып, 30 жастағы көршісін өлі күйінде тауып алғанын мәлім етті. Оқиға орнына, яғни жәбірленушінің пәтеріне жедел тергеу тобы келіп жетті. Белгілі болғандай, әйелге 6 пышақ жарақаты салынған. 

«Жақында ол дәмханалардың бірінде туған күнін тойлапты. Дәмхана жабылысымен, өзінің танысы, 26 жастағы жас жігітті үйіне шақырған көрінеді. Ал таң ата көршісі әйелдің өлі денесін тауып алған. Оның денесіне бірнеше пышақ жарақаты салынған. Жедел іздеу шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ол қарақшылық шабуыл үшін бұдан бұрын істі болған екен», - дейді Қостанай облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің басшысы Андрей Чернушка.

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр, заттай айғақтар тәркіленді, оның не себепті мұндай жантүршігерлік қылмысқа барғаны анықталу үстінде. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары