$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстанда 441 діни кітапқа теріс қорытынды берілді

3 жыл аралығында  отандық мамандар  еліміздегі 26835 кітапқа дінтану сараптамасын жүргізген. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министр Марат Әзілханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды жүзеге асырудың 3 жылында біраз жұмыстап атқарылған.

«Комитет тарапынан Заң нормаларын жүзеге асыру бағытында заңға тәуелді негізгі 15 акті қабылданды. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулықтары, стандарттары мен регламенттері бекітілді. Атап айтқанда, бұрынғы құқықтық базамен салыстырғанда ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және бейінін өзгерту, діни рәсімдер мен құлшылықтарды ғибадат үлерінен тыс орындарда өткізу, әдебиеттер мен ақпараттық материалдарға дінтану сараптамасын жүргізу, діни әдебиеттерді тарату, миссионерлік қызмет салаларында көп мәселе реттелді», – деді вице-министр. 

М.Әзілхановтың мәлімдеуінше, осы жұмыстардың аясында 26 мыңнан астам кітапқа дінтану сараптамасы жүргізілген. 

«Осы ретте, біздің тарапымыздан дінтану сараптамасы бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Дінтану сараптамасын жүргізудің стандарттары мен регламенттерін, ұйымдастыру және жүргізу сатылары мен тетіктерін қамтитын 6 нормативтік құқықтық акт қабылданды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде 26835 кітапқа дінтану сараптамасы жүргізіліп, 441 кітапқа теріс қорытынды берілді», – деді М.Әзілханов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары