11.12.2014, 03:12

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік өңірінде жел күшейеді

Сурет, pro-gitaru.ru

Еліміздің солтүстік-батысы мен шығысында кей жерлерде, боран соғып, жел күшейеді деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың басым бөлігінде күн ашық болады. Тек солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, Алакөл көлдері ауданында желдің күші 15-20 м/с-ті құрайды. Батыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. 

Жамбыл, түнде Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.