$ 498.34  519.72  4.85

«Алматы» телеарнасы уақыт талабына сай жаңаруда

Елдің ең ірі мегаполисінде — қалың көрерменнің көзайымына айналып үлгерген «Алматы» телеарнасы уақыт талабына сай материалдық-техникалық және шығармашылық жағынан жаңаруда.

Оның алғашқы қадамын көрермен арна логотипінің «Almaty tv» болып өзгеруінен байқаған болар. Мәселен, графикалық әрлеуде көне шаһардың бет-бейнесіне айналған көрікті мекендері, тарихи-танымдық орындары кеңінен бейнеленген. Ал композицияның қақ ортасында қаланың басты нышаны – алма суреттелген. Алматы қаласының бойтұмарына айналған осынау бейнеге тән тепе-теңдік, үйлесімділік пен мәнерлі сипат телеарнаның графикалық әрлеуінен ерекше көрініс тауып тұр.

Телеарнаның сырт келбетімен қатар ішкі мазмұны, контенті де, құрылымдық форматы да өзгереді. Студияда түсірілетін ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік және мәдени-танымдық бағдарламар саны артады. Алматы қаласында телеарналардың ішінде соңғы жылдары бой көтерген ең заманауи біздің студияда бұндай тележобаларды іске асыруға барлық жағдай жасалған. Бұл ретте тікелей байланысқа шығу тетіктері кеңінен қарастырылды. Сондай-ақ, осы маусымнан бастап «Алматы» телеарнасының көрермендері отандық және шетелдік телехикаялар, ретро және қазіргі заманның үздік кинотуындыларын тамашалай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары