$ 449.58  486.94  4.86

Ресейде жарылыс жасаған қырғыз жігіті оған дейін Түркияда болып келген

Санкт-Петербургтегі метрода өзін жарып жіберген Акбаржон Жалилов 2016 жылдың желтоқсанында Түркиядан қуылып, Ресейге қайта оралған. Бұл туралы Yeni Akit басылымы хабарлап отыр.

Жас жігіттің Түркияда қанша уақыт болғаны айтылмайды. Белгілісі, Акбаржонды көші-қон полициясы қара тізімге қосқаннан кейін ол тағы бір жылдай уақыт елде жасырынып жүрген.

Ресей азаматтығын алған қырғыз жігітінің нақты қандай лаңкестік топпен бірге болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы аталған терактіні өз мойынына алған болатын.

Еске салайық, Санкт-Петербург метросындағы лаңкестік 3 сәуір күні орын алған еді. «Сенная площадь» станциясынан «Технологический институт» станциясына бет алған метро вагондарының бірінде жарылыс болып, салдарынан 14 адам қаза тапқан болатын. Қайтыс болғандар арасында Қазақстан азаматы да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары