«Россия 1» телеарансының жаңалықтар бағдарламасы Чукоткада тұратын Валерий Выквырагтыргыргын есімді суретші туралы арнайы репортаж жасаған болатын. Алайда, көрермендер репортаждың мазмұнына мән беруді ұмытып, Twitter желісінде жаппай суретшінің тегін мазақ етуге көшті.
Рунеттің кейбір белсенділері Валеридің тегі көлік қозғалтқышының дыбысына ұқсайтынын айтса, өзгелері оны дайын жаңылтпаш деп келеке етті. Ал, «Дилетант» журналының бас редакторы Алексей Соломин болса дәл осындай текке ие болу үшін чукча суретшісіне күйеуге шығуға дайын екенін айтып әзілдеді.
Суретшінің өмірі туралы ақпарат іздеген блогерлер Валеридің «Крайний Север» газетінде жарияланған сұхбтаны тауып алды. Белгілі болғандай, ол 1955 жылы Эльотконвын деп аталатын тұрақта дүниеге келген екен. Оның әкесінің есімі — Ягтыргын, анасы Мыйн’ын’эв. 1970 жылы Валерий Владивосток қаласындағы қолөнер училищесін аяқтап, суретші-декоратор мамандығын алып шыққан.
Суретшінің тегін якут тілінен аударғанда «батыл, ержүрек, ірі, алып, суық, дөрекі, күшті» деген мағыналарды білдіреді екен.