$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстанда туып өскен неміс қызы Германияда қаланың мэрі болып сайланды

Қазақстанның 37 жастағы тумасы Вероника Лаукарт Германияның Ау-на-Рейне қаласының бургомистрі (мэр) болып сайланды деп жазады Tengrinews.kz.

Вероника Қазақстандағы неміс диаспорасының отбасында дүниеге келген. Ол бұрынғы Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келіп, балалық шағы осында өткен. Қазақстаннан ертеректе көшіп кеткен. Қазір жасы 37-де.

Сайлауда жергілікті сайлаушылардың 60,3 пайызы Вероникаға дауыс берген. Жаңа қызметіне ол енді 1 маусымнан бастап кіріспек.

Ау-на-Рейне - Рейн өзенінің жағасында Германияның оңтүстік-батысындағы Баден-Вюртенберг федералды жерінде орналасқан шағын қала. Оның 3,5 мыңдай тұрғыны бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары