$ 442.05  474.14  4.74

Астанада дәмхана жұмысшылары клиенттерге есірткі сатып келген

Астанадағы дәмханалардың бірінде даяшылар клиенттерге есірткі сатумен айналысып келген. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Елордадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік шаралар жүргізген Есіткіге қарсы күрес басқармасының полицейлері қаладағы дәмханалардың бірінен ірі көлемде есірткі затын анықтады.

"Астана қалалық ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы көңіл көтеру кешенінен марихуана затын тауып, тәркіледі. Дәмхана қызметкерлері кешен аумағында оны сатумен айналысқан. Іздеу барысында екі қызметкерден есірткі заттарымен бірге оны шегуге арналған құрал да табылды", - делінген аталған хабарламада.

Ұсталғандар қазіргі таңда уақытша ұстау абақтысына жабылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал, есірткі сатылып келген кешеннің басшылығы заңсыздықтың жолын кеспегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары