$ 444.22  476.38  4.82

Махмуд Ахмадинежад Иран президенті боп қайта сайлануы мүмкін

Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад президенттік сайлауға өзін ұсынды деп хабарлайды ИРНА агенттігі.

12 сәуірде ІІМ ғимаратына сайлауға тіркелуге барған кезде, Ахмадинежадпен ол президент болып тұрған кездегі кеңесшілері болған Эсфандияр Рахим Машаи мен Хамидреза Бакаи еріп барған.

Осының алдында Ахмадинежадтың президенттік сайлауға түсуіне қарсы болып аятолла Али Хаменеи сөйлеген. Махмуд Ахмадинежал 2005-2013 жылдары Иран президенті болды. Оны Хасан Рухани ауыстырды.

Иран президенттік сайлауына үміткерлерді тіркеу 10 сәуірде басталды. Тіркеу бес күнге созылады. Одан кейін Конституцияны қорғау кеңесі тіркелген үміткерлерді тексеріп, нақты тізімді 26-27 сәуірде шығарады.

Иранда 12-президент сайлауы 19 мамырда өтеді.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары