$ 444.32  473.33  4.76

Қазақстанда жылына 3 мыңға тарта сотталушы диплом алады

Елімізде жыл сайын 3 мыңға тарта сотталушы мемлекеттік үлгідегі диплом алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІД Қылмыстық-атқару комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев мәлім етті.

«46 түзету мекемесінде кәсіптік колледждер жұмыс істейді, бұл оқу орындарында еңбек нарығында сұранысқа ие 47 мамандық оқытылады. Жыл сайын 3 мыңға тарта сотталушы бекітілген мемлекеттік үлгідегі диплом алады», – деді Жанат Кешубаев. 


Оның айтуынша, 2001 жылы Қазақстанда түрмедегі сотталушыларды оқытатын тек 4 кәсіптік колледж ғана болған. Ал бүгін олардың саны 46-ғаж жеткен. 

Жанат Кешубаевтың пікірінше, бұл колледжердің жұмыстарын одан әрі жандандыру керек.

«Әрине, бұл колледждердің жұмысында проблемалар бар, оның ішінде олардың материалдық-техникалық қамтылуы, оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Дегенмен, біз сотталған адамдардың ертең бостандыққа маман иесі болып шығып, жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасаудамыз», – деді ҚР ІІД Қылмыстық-атқару комитеті төрағасының орынбасары

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары