$ 447.4  477.55  4.76

Керекуде АҚШ азаматына айыппұл салынды

Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік соты «Крендель» кофеханасында заңсыз жұмыс істеген АҚШ азаматына 40 АЕК көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Skifnews.kz қалалық Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан аумағына жеке виза арқылы кіріп, «Крендель» кофеханасында әнші-музыкант ретінде еңбек еткен АҚШ азаматына қатысты істі қарады. Шетелдік азамат визадағы ҚР болу мақсаты деген бөлігінде өзінің келу мақсатын көрсетпеген», –  делінген хабарламада.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, берілген құқық бұзушылықты заңды білмегендігінен жасағандығын айтқан.

Сот қаулысымен АҚШ азаматы кінәлі деп танылып, оған 40 АЕК немесе 74 мың 20 теңге айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары