Еуропаның 13 елінде А гепатитін жұқтырғандар саны артып келеді. Ауырғандардың басым көпшілігі гомосексуал жігіттер деп жазады РИА Новости.
"Тұтынушылар құқығын қорғауды бақылау қызметі 2016 жылдың ақпан айынан бастап еуропалық елдерде А гепатитін жұқтырғандар саны артып келе жатқанын хабарлайды. Науқастар саны 330 адамнан асты. Жұқтырғандардың көбі гейлер", - делінген хабарламада.
Анықталғандай, сарыауру Еуропаның 13 елінде тіркелген екен. Атап айтқанда, Австрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Германия, Италия, Ирландия, Голландия, Португалия, Испания, Швеция және Ұлыбритания.
Еуропалық мамандар қазіргі таңда аурудың ошағын анықтап, оны ауыздықтау шараларын жүргізіп жатыр.