14.04.2017, 11:44

Рамзан Қадыровтың 18-ге жаңа толған қызы күйеуге шықты

Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Айшат күйеуге шықты. Бұл турады бойжеткеннің өзі Tatler журналына берген сұхбатында айтқан.

18-ге жаңа толған Айшат өзінің отбасы туралы көп айтқысы келмейді. Тіпті, қашан некелескендерін, үйлену тойының қайда және қашан болғаны туралы да тіс жармаған. Дегенмен, күйеуінің кім екені белгілі. 19 жастағы жас жігіт Рамзан Қадыровтың әскери қақтығыста қаза тапқан досының ұлы. Жас жұбайлар үйленерінен 2 апта бұрын ғана танысып, көп ойланбастан шаңырақ көтеруге бел буыпты. Қазір олар президент резиденцияның жанынан салынған үйде тұрып жатыр.

Айшат Қадырова қазіргі таңда Firdaws сән үйінің директоры. Ол қыз-келіншектерге арналған киімдер үлгісін әзірлеумен айналысады. Ең алғаш жұмысқа кірісер алдында архив пен кітапханада ұзақ уақытын өткізіп, анасының фотоальбомдарын түгел көріп шыққанын айтады. Оның тіккен киімдері - мұсылман қыздарына арналған заманауи көйлектер.

Рамзан Қадыров әйелі Меднимен 12 баланы тәрбиелеп отыр. Олардың екеуін Шешенстан басшысы асырап алған.