$ 447.4  477.55  4.76

Ердоған Түркияда өлім жазасын енгізбекші

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған бүгін референдумда жеңіп шыққаннан кейін тағы бір өзгерісті қолға алатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы заңға өлім жазасын енгізбек ниетте деп жазады Reuters.

Стамбұлда өз қолдаушыларымен кездескен Ердоған өлім жазасын енгізу мәселесін премьер-министр Бинали Йылдырыммен және ұлттық партия басшыларымен талқылайтынын айтты. Батыс сарапшылары болса Ердоған Түркияның Еуроодаққа кіру мүмкіндігіне осылайша біржола нүкте қоймақшы.

Еске салайық, кеше Түркияда референдум өтіп, жергілікті халық конституцияға өзгеріс енгізу керектігіне дауыс берді. Енді аталған заңдар жинағының 18 бірдей бабы өзгеріске ұшырамақ. Атап айтқанда, премьер-министр лауазымы мүлдем қысқарып, президентке қосымша артықшылықтар беріледі.

Референдумда дауыс бергендердің 51,41 пайызы өзгерісті қолдаса, қалған 48,59 пайызы қарсылық білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары