$ 444.32  473.33  4.76

Астанада су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде

Астана қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша елордада су тасқынына қарсы қалалық жұмыс тобы жұмыс істеуде және 217 тармақтан тұратын кешенді шаралар жоспары іске асырылуда деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұған дейін су басуы ықтимал 37 учаске анықталды, аталған учаскелер бойынша су тасқынына қарсы шаралар әзірленді.

Жоспарға сәйкес, қала әкімдігінің 21 құрылымдық бөлімшесі, министрліктердің 6 аумақтық органы және 2 коммуналдық кәсіпорын жауапты орындаушылар болып табылады. Сондай-ақ, жоғарыда аталған мемлекеттік органдармен бірге орындаушылар ретінде 36 мемлекеттік мекеменің, коммуналдық кәсіпорынның және құрылыс ұйымының қатысуы қарастырылған.

Кешенді жоспарды орындау шеңберінде бүгінгі күні 128 тапсырма орындалды, 19-ы орындалу үстінде, қалған 70 тапсырма қажет болған жағдайда орындалатын болады. Сондай-ақ, қала басшылығы су тасқынының алдын алу бойынша бірінші кезектегі он міндетті белгіледі.

Қалалық қызметтердің мәліметтері бойынша, бастапқыда Есіл өзенінде судың жүруі және оның Астана су қоймасына ағуы бойынша болжам 200 - 280 млн текше метр шамасында болған. Алайда ауа райы жағдайларына байланысты, Қазгидрометтің ақпаратына сәйкес, қар жоғалту 60% құрады. Астана су қоймасына келетін судың ағысы 100-150 млн текше метрді құрайды.

12 сәуірдегі жағдай бойынша, Астана су қоймасындағы судың мөлшері 299,41 млн м3 құрайды, су қоймасына су 150,69 м³/сек келіп жатыр. Су тасқыны басталғалы бері су қоймасына 65,36 млн м3 су келді. Есіл өзенінің жоғарғы жағынан судың келмеуіне және ауыз су қорының тапшылығын болдырмау мақсатында 27 наурызда су қоймасынан көтемгі қар суын тастауды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары.

Сондай-ақ, «Астана қ. Есіл өзенінің көктемгі суының басуынан қорғау» нысанында бөгетті нығайту және оның реттегіш құрылыстарын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. 27 наурызда Коммуналдық шаруашылық басқармасының, Есіл бассейндік инспекциясының және лордалық ТЖД өкілдерінің қатысуымен дайындық актісі жасалды. Мамандар қазіргі уақытта кешен көктемгі қар суын қабылдауға және өткізуге дайын екеніне сендіріп отыр.

Контрреттегіш құрылыстарынан су тастаудың 1,5 м³/сек дейін қысқарғаны байқалуда, дейді мамандар.

Қазіргі уақытта Майбалық көліндегі судың деңгейі өткен жылдағыдан жарты метрге төмен, ондағы судың көлемі 63 млн текше метрді құрайды. Аталған учаскеде Есіл бассейндік инспекциясы тәулік бойы мониторинг жүргізуде. Су деңгейінің көтерілуі байқалып отырған жоқ. Көлдің жағасын тазарту және бекіту, кеңейту жұмыстары аяқталды. Әзірленіп жатқан арнаның жалпы ұзындығы 5 400 м құрайды.

Қалалық қызметтердің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – Есіл өзенінің арнасын кеңейту. Бүгінгі күні Газ аппаратура зауытының ауданында өзен арнасын кеңейту жұмыстары толықтай аяқталды. Дайындалып жатқан арнаның жалпы ұзындығы 1 388 м құрады. Бейсеков көшесіндегі көпірдің астымен су қалалық ағысты ескере отырып, 5,5 м³/сек жылдамдықпен өтуде, деп хабарлайды ведомство мамандары.

Бүгінгі күні Кіші Талдыкөл көлінің ауданында бөгеттер жасау мен бекіту жұмыстары аяқталды, оның нәтижесі бойынша аталған учаскенің топографиялық түсірілімі жүргізілді. Бөгеттердің жалпы ұзындығы 8 813 м құрады.

Ильинка тұрғын алабындағы бөгетті нығайту жұмыстары да аяқталды. Бекітілген бөгеттің жалпы ұзындығы 6 700 м құрады. Қала көшелерінен шығарылған қар көлемі 2016 жылдың 19 қазанынан үстіміздегі жылдың 11 сәуіріне дейін - 5 млн текше метрден асты, бұл былтырғы маусымдағы көлемнен екі есе көп.

Үстіміздегі жылы су тасқындарына қарсы шараларға 1,4 млрд теңге қарастырылған, бұл қаржы қажет шығындарға жеткілікті. Ал 2016 жылы 622 млн бөлінген.

Су басу жағдайлары туындаған сәттен бастап қала тұрғындарына көшелер мен үйлерді су басу туралы 4 886 хабарлама түскен, соның  4 787 бойынша жұмыс жүргізілді, ал  99 өтініш бойынша жағдай бақылауға алынып отыр.

Сонымен бірге күнделікті негізде 100-ден аса мамандандырылған ас-машина үш ауданда су сорғыту жұмыстарын жүргізуде.

Бұған қоса, қала әкімдігі 27 арнайы техника, 73 сорғыш құрылғысын және мотопомпасын жұмылдырып отыр. Үстіміздегі жылы 20 мың дана қап, 9 мың тонна инертті материал және 188 тонна жанар-жағармай әзірленді.

6 наурыздан 11 сәуірге дейінгі кезеңде қалада 143 078 м3 су сорғытылып, 1 442 м3 құм себілді.

Канализациялық құрылыстарға ағын судың келу мөлшері 11 сәуірде 234 мың м³ құрады.

Су тасқындарының салдарын жоюға қаланың 125 адамнан тұратын шұғыл әрекет ету жасағы, 48 дана инженерлік техника, атап айтқанда, бульдозер, экскаватор, кран, жүк тиегіш және өздігінен түсіргіш тартылады. Қаланың коммуналдық қызметтерінің тобы сақадай сай тұр, оның құрамына 97 адам, 55 дана техника, 7 мотопомпа, 40 ассенизаторлық машина, 5 тракторлық сорғыш, 2 сорғыш кіреді.

Сонымен бірге, ішкі істер органдарының топтары да дайындық қалпына келтірілді, олардың құрамына 402 адам, 46 дана техника, аспалы моторы бар 3 жүзу құралы, 8 мотопомпа, 1 тікұшақ. Сондай-ақ, ТЖД құрамынан 180 адам, 14 дана техника, ІІД құрамынан 120 адам, 12 техника, Ұлттық ұланнан 50 адам, 2 дана техника, республикалық құтқару отряды және Апаттар медицинасы орталығы кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары