$ 446.49  475.38  4.79

ОҚО-да ірі жол апатынан үш адам қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент-Ленгер тас жолының бойында орын алған жол апаты салдарынан үш адам қайтыс болды деп хабарлайды ОҚО ІІД бапсасөз қызметі.

Оқиға 16 сәуір күні таңертең орын алған. Төлеби ауданындағы тас жолдың бойымен келе жатқан «Опель-Вектра» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, «Вольво» көлігімен соқтығысыпты. Салдарынан Опельде болған 1995, 1956 және 1958 жылғы үш адам сол жерде көз жұмған. Барлығы да Төлеби ауданының тұрғындары. Ал, екінші көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда «Опель-Вектра» көлігінің жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары