$ 443.35  475.54  4.82

Петропавлда «Сәбина келін» фильмін көрсетуге тыйым салынды

Жергілікті кинотеатрлар фильмді көрсетуден бас тартқан, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Достар, «Сәбина келін» фильміне байланысты! Өкінішке қарай, Петропавл қаласының кинотеарты біздің өнімді көрсетуден бас тартты. Олардың пікірінше, біздің филім жергілікті көрермендерді қызықтырмайды екен. Біз және «Меломен» компаниясы бұл жағдайға байланысты ештеңе істей алмаймыз. Бұлай болғаны өкінішті! Алдағы уақытта  олардың отандық фильмдерге көзқарасы өзгереді деген пікірдемін», − деп жазылған Нұртас Адамбаевтың «Fаcebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, комедия 27 қарашадан бастап еліміздегі кинотеатрлардан көрсетіле бастады.   Фильмнің режиссері Нұртас Адамбаевтың пікірінше, киноны 250 мың қазақстандық көрген. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары