$ 444.32  473.33  4.76

БҚО-да түрмеде отырған алаяқ 47 зейнеткерді алдаған

Орал қалалық соты алаяқтық жасаған М.Киреев пен А.Гафинге қатысты үкімді жария етті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

БҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, М.Киреев түзеу мекемесінде жазасын өтеу кезінде бостандықта жүрген А.Гафинмен бірлесіп,  алаяқтық әрекеттерін жасаған. Киреев түзеу мекемесінен ұялы телефон арқылы жәбірленушілердің үй телефондарына хабарласып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, олардың жақын туыстарының  (балалары, ағасы) қылмыс жасағаны үшін ұсталғаны туралы жалған хабарлаған. Сосын қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін белгілі бір көлемдегі қаржыны беруін талап еткен. Жәбірленушілер А.Гафинге белгіленген орындарда ақшаларды беріп отырған. Осы қылмыстық іс бойынша 47 зейнеткер жәбірленуші деп танылды.

М.Киреев ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігі «б» тармағымен айыпты деп танылды. Оның мүлкі тәркіленіп, алдға 8 жылын  қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Ал А.Гафин ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігі «б» тармағымен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге бес жылға бас бостандығын айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады,

Екеуінің де қылмысы қауіпті деп танылды.

Сот жәбірленушілердің пайдасына сотталушылардан 5 млн. астам теңге өндірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары