12.12.2014, 03:35

Қазақстанның басым аумағында боран соғады

Сурет, egemen.kz

Еліміздің басым өңірінде атмосфералық ағымардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, боран соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазгидрометттің хабарлауынша, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады, кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейіп, түнде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Қостанай облысында тұман түседі. 

Ақмола, Павлодар, күндіз ШығысҚазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, желдің күші 15-20 м/с-ті құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, 15-20 м/с жел болады деп болжануда.  Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.