$ 443.85  474.3  4.8

Қарағандылық науқастың ішінде 12 жыл бойы хирургиялық қысқыш болған (ВИДЕО)

Қарағандылық дәрігерлер пациентті тексеру кезінде ішінен хирургиялық қысқыш тауып алды. Медициналық қызметкерлер компьютерлік-томографиялық сканерлеу кезінде пациенттің ішінен темір құрал анықтаған. Оның ұзындығы шамамен 20 см-ді құрады, деп хабарлайды 7 арна.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың медициналық картасына сәйкес ер адамға ота соңғы рет 12 жыл бұрын жасалған. Сол кезде хирургтердің қысқышы пациенттің ішінде қалып қойған. Ота Қарағандыда емес, басқа қалада жасалған болып шықты.

Ал жәбірленген науқас пен оның туған-туыстары дәрігерлерге ешқандай наразылықтары жоқ екендігін айтты. Құрал ер адамның денсаулығына әсер етпесе де, жақында оған қысқышты алып тастау үшін ота жасалмақ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары