$ 498.34  519.72  4.85

Facebook-тің тікелей эфирі арқылы кісі өлтірген америкалық өзіне қол жұмсады

Осыдан бірнеше күні бұрын Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы зейнеткерді атып өлтірген америкалық Стив Стивенс өзіне қол жұмсады деп жазады NYDailynews. Полициядан қаша алмайтынын білген қылмыскер көлігінде отырып өзін атып салған.

Пенсильвания штатындағы Эри округінде McDonald's дәмханасында тамақтанбақ болған Стивенсті сондағы жұмысшыларың бірі байқап қалған және дереу құқық қорғау органдарына хабар беріпті. Полицейлер келгенше McDonald's жұмысшылары оны алдандырып, ғимараттан шығармай ұстап отырған. Тәртіп сақшылары келгеннен кейін Стивенс дәмханадан қашып шығып, көлігінде отырып өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

Айта кетейік, Стив Стивенс тікелей эфир арқылы кісі өлтіргеннен кейін бұған дейін де дәл сондай онға жуық қылмыс жасағанын өз оқырмандарына айтқан болатын. Алайда, полицейлер бұл деректің рас-өтірігін сол күйі анықтай алған жоқ. Оның тіпті не үшін көшеде адам өлтіргені де белгісіз күйде қалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары