Жаңалықтар 19.04.2017 сағат 05:11  634

Астананың жаңа вокзалынан 54 пойыз қатынайтын болады

Астананың жаңа теміржол вокзалы арқылы жүретін пойыздар  тізімі бекітілді. Бұл жайында «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Компания ақпаратына сәйкес, елорданың жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-сі «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы,  16-сы стандартты және тағы 16-сы қалааралық пойыздар.

«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Астанадан мына бағыттар бойынша қосымша пойыздар қатынайтын болады: «Астана-Маңғышлақ», «Астана-Атырау», «Астана-Шымкент», «Астана-Қостанай», «Маңғышлақ-Астана», «Тараз-Астана», «Орал-Астана», «Қарағанды-Астана». Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, жаңа вокзалға  дейін қоғамдық көліктерді, сонымен бірге жүрдек бағдарларды ұйымдастыру мәселесі қарастырылу үстінде»,-  делінген таратылған ақпаратта.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар