Жаңалықтар 12.12.2014 сағат 05:55

Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы жалға алған зәулім үйдің қожайыны Тоқтағұл Шәріпов РФ президенті Владимир Путинге хат жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Үй өртеніп кеткен болатын. Ал 2012 жылдың көктемінде заңды күшіне енген өртенген үй үшін 196 миллион теңге шығын өтеу туралы сот шешімі әлі орындалмаған. Шәріпов бұл дауға Путиннің араласуын сұрайды. 

«Екі елдің сыртқы саясат ведомстволары өкілдерінің кездесуінен кейін келісім комиссиясы құрылды. Алғашқы кездесуден кейін 1,5 жыл өтті, РФ Сыртқы істер министрлігі талап еткен барлық құжат ұсынылды. Олар құжаттарды талдап, қандай да бір соманы ұсынудың орнына сот шешімін ревизиялаумен айналысып жүр. Мұның бәрі созылып барады. Біздің сот орындаушылар түрлі сылтаумен сот шешімін орындамай келеді. Мен Ресей президенті Владимир Путинге хат жазып, жолдадым, қандай да бір құқықтық өзара сыйластық болады деген үмітпен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа да өтініш білдірдім», – дейді өртенген зәулім үйдің иесі Шәріпов.

Тоқтағұл Шәріповтің айтуынша, көптеген келісім комиссиялары құрылғанымен, ешқандай нәтиже болмаған.

Айта кетейік, Тоқтағұл Шәріповтің өртенген үйі үшін оған шығын өндіріп беру мәселесі Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ерлан Ыдырысовтың келіссөздерінде де бірнеше рет талқыланды. 

Еске сала кетейік, зәулім үйге қатысты дау 2005 жылы басталды, Шәріпов Ресейдің Бас консулдығына ауданы 600 шаршы метр болатын қымбат үйін жалға берген. Онда сол кездегі консул Рашид Ибрагимов тұрды. Дипломат ай сайын 3,5 мың доллар төлеуі керек болды. Көп ұзамай зәулім үй өртеніп кетті. Содан бері Шәріпов Ресейдің дипломатиялық өкілдігімен соттасып жүр. Оған 196 миллион теңге деп бағаланған шығын әлі төленген жоқ. Соттың шешімімен Бас консулдықтың есепшотына тыйым салынды, бірақ Ресей бұл әрекетті "Қазақстанның араздық ишараты" деп бағалады. Кейін есепшоттарға салынған тыйым алып тасталды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар