$ 448.15  483.46  4.86

Таразда нәрестесін тастап кеткен тасжүрек әйел тұтқындалды

Жамбыл полицейлері жаңа туған нәрестесін көшеге тастап кеткен әйелді тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Жамбыл облысы ІІД басшысының орынбасары, полковник Қалижан Шоңғарбаев айтуынша, тәртіп сақшылары әйелді екі тәулік бойы іздеген. Ол баланы суық далаға қалдырып, өміріне қауіп төндірген. Жалғыз айғақ қыз бала оралған перзентхананың жаялығы болды.

Ұсталған ана жасаған әрекетін мойнына алды.

«Ол баланы бірге тұрғысы келмейтін ер адамнан туғанын айтқан», – дейді  Қ. Шоңғарбаев.

Қазір нәрестеге бір апта болды. Дәрігерлердің айтуынша, оған Нұрай деп есім берген. Оның жағдайы жақсарып келеді.

Естеріңізге  салайық, 11 желтоқсанда Тараз көшелерінің бірінде жүргінші бұталардың арасынан  жылаған баланың дауысын еміс-еміс құлағы  шалған. Оны қорапқа салып тастап кеткен. Қыз бала ол жерде бірнеше сағат жатып қалған. Қалалық балалар ауруханасына қатты суық тиіп түскен. Қазір Таразда күн суыта бастады. Түнгі уақыттарда жер қатады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары