$ 449.58  486.94  4.86

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі тағы ауысты

Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Евгений Кочетов ұжымға ҚР АКМ ОКҚ директорының орынбасары - ресми өкілі болып тағайындалған Оксана Лоскутованы таныстырды деп жазады Қазақпарат. Оған дейін Оксана Лоскутова «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Оксана Лоскутова 1980 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді. Биыл «Тұран-Астана» Университетінде «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітіреді.

Ал, аталған қызметте жарты жыл да істеп үлгермеген Мұрат Жұманбай болса өзге қызметке ауысуына байланысты орны босатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары