$ 444.22  476.38  4.82

Есіл өзені тасып, тағы бірнеше елдімекен су астында қалуы мүмкін - ҚР ІІМ ТЖК

Ақмола мен СОлтүстік Қазақстан облыстарын кесіп өтетін Есіл өзені арнасынан тасып, бірнеше елдімекенді су алып кетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері хабарлап отыр.

25-26 сәуір күндері аралығында Есіл өзенінің суы тағы көтерілуі мүмкін. Салдарынан Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының біршама аумағын су басады", - делінген ТЖК таратқан шұғыл хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына да ескерту жарияланған болатын. Кеше ғана су шайып кеткен осынау төрт облыста тасқынның екінші толқыны күтілуде.

Сонымен қатар, Өзбекстангидромет синоптиктерінің хабарлауынша, Шардара су қоймасындағы су да ернеуінен асып, жағалауын су шайып кету қаупі басым.

Ал, қыс бойы қардың молынан жауып, көктем шыға күрт еруіне байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында таулы аймақтарда 24-25 сәуір аралығында қар көшкіні жүреді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары