$ 449.58  486.94  4.86

Таразда әйел түрме қоршауынан есірткінің үш түрін лақтырмақ болған

14 желтоқсан күні Жамбыл облысы ЖД-158/7 колониясының маңындағы аумақты торуылдау барысында мекеме қызметкерлері негізгі сым бөгетінен бірнеше қадам жерден бір әйелді ұстады, деп хабарлайды «Қазақпарат» Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне сілтеме жасап.

«Тексеру кезінде 35 жастағы әйелден ұнтаққа ұқсас заттар салынған үш орама табылды. Бүгін сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша, әйелден алынған орамалардың ішінде салмағы 60 грамға жуық героин, наша және марихуана болған», – дейді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кезекшісі Абылайхан Ілиясов.

«Ұсталған азаматшаның есірткі заттарын таратып, сатқаны үшін екі рет сотталғаны анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді», деп толықтыра кетті Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кезекшісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары