$ 444.22  476.38  4.82

СҚО әкімі қазақша сұрақты түсінбей масқара болды

Әкімдердің  ішінде ана тілін түсінбейтіндері де бар. 6 желтоқсанда Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің мінберінен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов есеп берді деп жазады «Жас қазақ» газеті.

Ол баяндамасының әр жерінде қазақша сөйлеген. Сұрақ-жауапқа кезек келгенде Сұлтанов «қатты тұрмыстық қалдық» деген сөзді түсінбей, масқара болды.

Ақиқатын растау үшін Baq.kz  тілшісі Ая Өміртай мен Ерік Сұлтановтың арасындағы диалогты қаз-қалпында келтірелік:

– Солтүстік Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі қандай және қаншасы қайтадан өңделді?

– Бірінші сұрақ тұрғын үй деп айттыңыз ба?..

– Жоқ. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және оның көлемі?

– Тағы да?..

– Қатты тұрмыстық қалдықтар.

– Я не слышу немножко.

– Өңірдегі тұрмыстық қалдықтар.

– Сыртқа шығайын. Сізге сосын жауап беремін!

Ерік Хамзаұлы кейбір сауалдарға қазақша және орысша екі тілде жауап берген.

«Жас қазақтың»: «Облыста Елбасының қатысуымен ашылып, қазір жұмыс істемей тұрған қанша кәсіпорын бар?» деген сауалына ол: «Елбасы ашқан кәсіпорындардың бәрі жұмыс істеп тұр» деп таңдайын тақылдатты.

Ал «Ойл ньюс» тілшісінің осындай сауалына: «Бұл мәселеге талдау жасадық. Бізде бірнеше жыл тоқтап тұрған, жақсы жабдықталған, қуаты зор 22 кәсіпорын бар. Жетеуін іске қостық. Солардың бірі 5 жыл тұрған «Биохим» 2015 жылдың бірінші жартысында жұмысын бастайды» деп жауап берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары