$ 449.58  486.94  4.86

Қызылорда облысында көп балалы ана әкімшілікті паналап отыр

Қызылордалық Шолпан Сайымова далада қалып емес, қақыраған баспанасында отырып осындай жағдайға жетіп отыр. Айтуынша, шенеуніктер апатты деп танылған үйді «жөндеп береміз» деп, жеке құрылыс мекемесіне тапсырғанАл олар болса, жағдайды ушықтырып кетіпті. Амалы таусылған ана бүгін тоғыз баласымен әкімшілікті паналауға келді, деп хабарлайды «7 арна».

70 жылдары салынған мына үйдің төбесінен түтін шықпағанына екі жыл болған. Сондықтан балалар сырт киіммен ұйықтап, тоқ пештің түбіне тығылуға мәжбүр. Шолпанның айтуынша, былтыр үйдің жыртығын жамаймыз деген әлде бір құрылыс мекемесі пешті бұзып кеткен. Ал жаңасын салуды талап еткенімен құлақ аспаған көрінеді. Онсызда тойып тамақ ішуге зар болған бүлдіршіндер, енді суық үйде аурудан көз ашпай отыр. 

«Қыстың күні қырауда үсіп кеттік қой. Балаларымның бәрі тоңып жаурап жатыр күнде ауырады балаларым. Дәрі-дәрмекке ақшамды жеткізе алмай жатырмын деп, жылап еңіреп барамын арқамнан қағып, 5-10 сом беріп шығарып салады мені, я апа қатырамыз деп, онымен қатырған дымы жоқ», – дейді батыр ана.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қамыстан тұрғызылған үйдің адам өміріне қауіпті екендігін айтып, қорытынды шығарған. Бірақ балалардың жәрдемақысымен жан бағып отырған ананың барар жері, басар тауы жоқ. Сондықтан бүгін ол 9 баласымен қала әкімдігіне келіп, тұрмақшы болды. Ал мұндағылар ұл-қызын жетектеп, етегі жасқа толып жүрген ананың жағдайымен жақсы таныс екен. 

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Қаюпов: «Қазір демеушілерді іздеп, жақын арада ол кісінің пешін жасап береміз, бүгін ертең барып үйінің терезелерін жамап, сыртынан бәрін бітеу жұмыстарын жасап береміз толығымен», – деді.

Әкімшіліктегілер батыр ана келесі жылы жаңа баспанаға қоныстанады деп уәде берді. Ал тұрмыстың тауқыметін тартқан ананы ертең балалары жылы үйде асыр салып ойнайтындығына сендірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары