$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда ер адам анасын пышақтап тастады

Алматы қаласында ер адам өзінің анасын пышақтап тастап, кейін бар кінәні әкесіне жапты, деп хабарлайды «СТВ арнасы».

Алматы қаласы Мұқанов көшесіндегі жеке үйлердің бірінде әкесі мен баласы ішімдік ішіп, белгісіз себептермен 1975 жылы туылған жігіт анасын пышақтап тастаған. Бірақ полицейлерге оны әкесі істегенін айтқан. Әйел адам ауруханаға жатқызылды, ал ұлын полицейлер Алматы қалалық ішкі істер басқармасына алып кетті, тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар қаласында 1980 жылы туған ер адам 1982 жылы туған әйелін, төрт жастағы ұлын, 1978 жылы туған ағасын, 1979 жылы туған әпкесін және оның 9 жастағы қызын бауыздап өлтірген болатын. Кейін полицейлерге ұсталарын білген кезде өзіне-өзі пышақ салған. Бірақ қылмыскер аман қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары