$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында жол апаты орнынан қашқан жүргізуші әйел ұсталды

2 желтоқсан күні Талғар ауданы Тұздыбастау аулының 44 жастағы тұрғынын көлігімен басып кетіп, оқиға орнынан ізі суытқан жүргізуші әйел құрықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

Облыстық ІІД-нің хабалауынша, зардап шеккен ер адам ауыр жарақаттармен аудандық ауруғанаға жатқызылды.

Жедел іздеу шаралары барысында полиция қызметкерлері «Тойота Камри» көлігін анықтады. Көліктің маркасын сарапшылар жол апаты болған орыннан қалған іздер арқылы тапты.

Көліктің иесі 34 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде жүргізуші әйел Талғар АІІ басқармасында тергеушілерге жауап беруде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары