$ 444.22  476.38  4.82

Атақты боксшы Рой Джонс Қазақстанға келмек

Әлемге аттары танымал боксшылар Рой Джонс пен Олег Маскаев Астанаға келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz  Мәдениет және спорт министрлiгiнiң баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«16 желтоқсанда, ҚР Тәуелсiздiгi күнiнде Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы кәсiпқой бокс  чемпионы кiшi Рой Джонспен және Олег Маскаевпен кездеседi», – делiнген хабарламада. 

Сонымен қатар, боксшылар Қарағандыда Ғалым Жарылқапов атындағы XXXI Халықаралық бокс турнирiне қонақ ретiнде қатысады. 

Айта кетейiк, Олег Маскаев Қазақстан тумасы, 2006-2008 жылдарда WBC чемпионы. Рой Джонс бiрнеше салмақ дәрежесiнде және барлық нұсқалар бойынша чемпион атанған әйгiлi боксшы. Оның аты Мохаммед Әли және Майк Тайсондармен қатар тұрған кәсiпқой бокстағы бiрегей тұлғалардың бiрi. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары