Жаңалықтар 15.12.2014 сағат 12:22

Гүлшара Әбдіхалықова еліміздің бірқатар азаматтарына мемлекеттік наградаларды тапсырды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің бірқатар азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды деп, хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Рәсімді ашқан Мемлекеттік хатшы, ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғары наградаларды табыс етудің терең символдық мәнін атап өтті. Бұл күндері бүкіл еліміз айрықша үздік деп танылған, қоғамды дамытуда және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда халықтың құрметіне бөленген барша қазақстандықтарды марапаттайды.

Республикамыз қол жеткізген табыстар Елбасының стратегиялық көрегендігі мен саяси күш-жігерінің, сондай-ақ ел азаматтарының қалтқысыз қызметі мен қажырлы еңбегінің  айқын көрінісі болып табылады.

Марапатталғандардың ішінде мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлері, экономика және бизнес өкілдері бар.

Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова қатысушыларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршасына бейбітшілік пен құт-береке, Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар