$ 448.89  477.93  4.76

Ақтөбе облысында әкесі 11 жасар қызын балталап тастаған

Ақтөбе облысында  ер адам 11 жастағы қызын балталап кейін өз-өзіне қол жұмсаған,  деп хабарлайды Tengrinews.kz  облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның  хабарлауынша, 38 жастағы ер адам жұмыстан кейін 18 жастағы ұлын моншаға жібереді. Кейін өзі әйелімен жанжалдасып қалады. Жанжал кезінде ол қолына балта алып, әйеліне ұмтылады. Бірақ 11 жастағы қызы араша түседі. Балта қыздың ұйқы күретамырына тиіп, жасөспірім сол жерде қайтыс болады. Ер адам бұдан кейін де ашуға бой алдырып, балтамен әйелінің басынан бірнеше рет ұрған. 

Өз қызын өлтіріп алған соң ер адам бесқабатты үйдің шатырынан секіріп кеткен. Ер адамның әйелі аман қалды.  Қазір ол  Хромтаудағы ауруханада жатыр, жағдайы ауыр. Жәбірленушіге нейрохирургиялық күрделі операция жасалды. 

Ақтөбе облыстық ІІД-і баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалған. Полицейлер ер адамның қылмыс жасаған кезде мас болғанын анықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары