$ 448.89  477.93  4.76

Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюрреймен жекпе-жекке дайындығын бастады, деп хабарлайды BoxingScene.com.

Монте-Карло, Астана, Лондон және Мехико қалаларына аялдаған ауқымды медиатурдан кейін Қазақстан боксшысы АҚШ-тағы Big Bear лагерінде жаттығуын бастады.

«Соңғы бірнеше апта ішінде қолым бос болмады, бірақ маған журналистермен және әлемнің әр түкпіріндегі фанаттарыммен уақыт өткізген қатты ұнады. Өз бапкеріммен бірге жаттығуды бастадым, Монте-Карлода кезекті думанды өткізуді жоспарлап отырмын», ‒ деді Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек 21 ақпанда Монако астанасында өтеді. Бұл қазақстандық боксшының кәсіби алаңдағы 32-ші жекпе-жегі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары