$ 513.74  569.17  6.33

БҚО тұрғыны танысын өлтіріп, 11 жылға сотталды

БҚО тұрғыны Владимир Шуринов облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады, деп хабарлайды Skifnews.kz БҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, В.Шуринов бірге тұратын көңілдесімен өз пәтерінде арақ ішіп отырған кезде танысы келген. Қонағы мұның көңілдесімен бұрыннан байланысы болса керек, соны қызғанған Шуринов танысымен сөзге келеді. Сол мезетте танысы асүй пышағын алып, Шуриновқа секірген. Сотталушы бұдан сытылып шығып, пышақты ұстап алып, қолын қайырып, арқасынан бір рет соққы жасаған. Содан кейін қылмыстық ойын ақырына дейін жеткізу мақсатында арқасынан жеті мәрте пышақ жұмсаған. Жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Бұдан соң Шуринов пышақты пештің ішіне лақтыра салып, өзі оқиға орнынан бой тасалаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары