3-4 мамырда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазақ Елі» алаңында әскери шеруге дайындық өткізуі кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі.
Атап айтқанда:
- 40-шы станциядан Байырқұм көшесіне дейін, Қошқарбаев көшесіндегі көпір астына дейін;
- Қошқарбаев көшесіндегі көпір астынан Б. Момышұлы даңғылына дейін;
- Тәуелсіздік даңғылы Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);
- Ш. Қалдаяқов көшесі М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;
- Нәжімеденов көшесі Ш. Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;
- Байтұрсынов көшесі Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;
- Қошқарбаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;
- Б. Момышұлы даңғылы Сәтбаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.
Осыған байланысты кептеліс жағдайларына жол бермеу мақсатында қозғалыстың қолайлы маршрутын таңдау қажет.
Айта кетейік, 7 мамырда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына және Жеңіс күніне арналған әскери парад өтеді.