$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент пен Таразда жер сілкінді

Бүгін сағат 10:49-да Тараз бен Шымкентте жер сілкінді. Бұл туралы Сейсмология инститының сайтында хабарланған.

Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 613 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында орналасқан. Дүмпу магнитудасы 6,3 балды құрады, ошағы 5 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жамбыл облыстық ТЖД мамандарының айтуынша, Таразда жер сілкінісінің қуаты 2 балды құраса, Мерке ауданында 3 балға дейін жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары