$ 498.51  522.84  4.81

7 мамырды мерекелеуге байланысты Астанадағы автобустардың бағыты өзгереді

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған әскери техниканың қатысуымен 7 мамырдағы шеруді өткізуге дайындық кезеңінде көлік қозғалысы шектелуіне байланысты қоғамдық көліктің 11 бағыт бойынша қозғалыс сызбасы өзгертіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

1. №2 бағдар

Бастапқы «Промышленный» т/а» аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылы – Қ.Сәтбаев көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Қ.Сәтбаев көшесіне оңға – Б.Майлин көшесі – Тәуелсіздік даңғылы, одан әрі белгіленген сызбамен. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

2. №3 бағдар

Бастапқы «Т/Ж Вокзалы» аялдамадан Жирентаев к-сі - Петров к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі А. Петров к-сі - Қ. Сәтбаев к-сі - Б. Момышұлы даңғылына солға - М. Жұмабаев даңғылы арқылы соңғы аялдама «Сарайшық ТК» дейін. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

3. №4 бағдар

Бастапқы «Көктал-2 т/а» аялдамасынан Қ. Сәтбаев к-сі және Б. Майлин к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Б. Майлин к-сі - Тәуелсіздік даңғылы – Күйші Дина к-сі - солға Қ. Сәтбаев к-сі, одан әрі қолданыстағы сызбаға сәйкес. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

4. №14 бағдар

Тәуелсіздік даңғылындағы «Гранд Астана т/к» соңғы аялдамасы Ақыртас көшесіндегі «Қараөткел т/а» аялдамасына уақытша көшіріледі.

5. №19 бағдар

Бастапқы «Т/Ж Вокзалы» аялдамасынан Сәтбаев к-сі – Майлин к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Б. Майлин к-сімен тура – Тәуелсіздік даңғылы – Шарль де Голль к-сі - Шалқыма к-сі – Мәңгілік Ел даңғылы, одан әрі қолданыстағы сызба бойынша. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

6. №21 бағдар

Бастапқы «Т/Ж Вокзалы» аялдамасынан Д. Қонаев даңғылымен -Мәңгілік Ел даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Шалқыма к-сіне солға – Шарль де Голль к-сі – Тәуелсіздік даңғылы - Майлин к-сі – М. Жұмабаев даңғылы – әрі қарай «Сарайшық т/к» соңғы аялдамасына дейін. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

7. №26 бағдар

Бастапқы «Астанаинерт» аялдамасынан А. Петров к-сі – Қ. Сәтбаев к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Қ. Сәтбаев к-сімен тура соңғы  «Қараөткел т/а» аялдамасына дейін. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

8. №29 бағдар

Бастапқы «Күйгенжар т/а» аялдамасынан Айнакөл к-сі – М. Жұмабаев даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі М. Жұмабаев даңғылы оңға – Майлин к-сі – Тәуелсіздік даңғылы – Шарль де Голль к-сі – Шалқыма к-сі – Д. Қонаев к-сі, әрі қарай қолданыстағы сызбаға сәйкес. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

9. №32 бағдар

Тәуелсіздік даңғылындағы соңғы «Ж. Нәжімеденов көшесі» аялдамасы Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы «Министрліктер үйі» аялдамасына уақытша көшіріледі. Кері бағытта Мәңгілік Ел даңғылы арқылы – Достық к-сі, одан әрі қолданыстағы сызбаға сәйкес.

10. №40 бағдар

Бастапқы «Т/Ж Вокзалы» аялдамасынан Тәуелсіздік даңғылы - Шарль де Голль көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Шарль де Голль к-сі – Шалқыма к-сі – Мәңгілік Ел даңғылы, әрі қарай қолданыстағы сызбаға сәйкес. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

11. №61 бағдар

Бастапқы «Теплотранзит» аялдамасынан Тәуелсіздік даңғылы - Шарль де Голль көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Шарль де Голль к-сі – Шалқыма к-сі, әрі қарай қолданыстағы сызбаға сәйкес. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған әскери техниканың қатысуымен 7 мамырдағы шеруді өткізу кезінде сағат 06:00 ден 15:00-ге дейін көлік қозғалысы шектелуіне байланысты қоғамдық көліктің 4 бағдары бойынша қозғалыс сызбасы өзгертіледі:

1№15 бағдар

Бастапқы «Железнодорожный т/а» аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылы – Қ.Сәтбаев көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Қ. Сәтбаев көшесіне оңға – Б.Майлин к-сі – Тәуелсіздік даңғылы – Шарль де Голль  к-сі– Шалқыма к-сі – Мәңгілік Ел даңғылы, әрі қарай қолданыстағы сызбаға сәйкес. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

2. №51 бағдар

Әскери шеруді өткізуге дайындық кезеңінде 11 бағыт бойынша қозғалыс сызбасы өзгертіледі

Бастапқы «Ақмола облыстық №2 аурухана» аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылы – Қ. Сәтбаев к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Қ. Сәтбаев көшесіне оңға – Майлин к-сі – Тәуелсіздік даңғылы – Шарль де Голль к-сі – Шалқыма к-сі – Мәңгілік Ел даңғылы, әрі қарай қолданыстағы сызбаға сәйкес. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

3. №56 бағдар

Бастапқы «Промышленный т/а» аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылы – Қ. Сәтбаев көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Қ. Сәтбаев к-сі оңға – Б.Майлин к-сі – Тәуелсіздік даңғылы – Шарль де Голль к-сі - Шалқыма к-сі – Мәңгілік Ел даңғылы, әрі қарай қолданыстағы сызбаға сәйкес. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

4. №101 бағдар

Бастапқы «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылы – Қ. Сәтбаев көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Қ. Сәтбаев к-сіне оңға – Б.Майлин к-сі – Тәуелсіздік даңғылы –  Шарль де Голль к-сі – Шалқыма к-сі – Мәңгілік Ел даңғылы, әрі қарай қолданыстағы сызбаға сәйкес. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары