$ 443.37  474.49  4.83

Астаналықтар 1 маусымнан бастап жұмысқа жаңартылған кестемен баратын болады

Астана халқының жаңа жұмыс кестесіне қашаннан бастап ауысатыны белгілі болды деп жазады Tengrinews.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінің өкілдері айтты.

"Біз елордалық тұрғындарды жаңа жұмыс кестесіне 1 маусымнан бастап ауыстыруды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады Астананың Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Оның айтуынша, жұмыс уақытының кестесін дифференциациялау EXPO-2017 көрмесі өткеннен кейін де сақталады. 

"Дифференциация сақталады. Бұл республикаға емес, қалаға ғана қатысты болып отыр. Меніңше, осындай қадамды Алматы да жасайды. Кімнің не істеп жатқанын көріп, бақылап отырмыз. Қазақстан көп жағдайда Ресейге қарайды, қандай реформалар жүзеге асырылып жатқанын көреді. Біз мұнда үздік тәжірибені аламыз", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары