$ 447.4  477.55  4.76

Шымкенттік полицейлер 260 көлікті айып тұрағына жауып тастады

ОҚО ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі Әкімшілік полиция басқармасы және сот орындаушылармен бірлесіп салық төлемінен және өзге де айыппұлдан жалтарып жүрген автокөлік иелеріне анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өтуізуде. Аталған іс-шараның мақсаты жасалған әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша жазалаудан бұлтартпауы және әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша қаулылардың уақтылы орындалуына бағытталған деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары базасында әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша айыппұлдан жалтарып жүрген көлік иелерінің тізімі бар «Автоураган» жылжымалы кешенін пайдалануда. «Автоураган» кешені, арнайы камераның көмегімен жалпы көліктер ағымы арасынан ЖЖЕ бойынша айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігін мемлекеттік белгілері арқылы анықтап береді.

Тәртіп сақшылары «Автоураган» жылжымалы кешенін пайдалана отырып жыл басынан бері айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілердің 260 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған. Көлік иелері айыппұлдарын төлеп, сот орындаушылардың шектеулерін алу қаулысынан кейін автокөліктер иелеріне қайтарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары