9 мамыр күні Шымкентте ауа-райы күрт бұзылып, жаңбыр соңы бұршаққа ұласты. Ал, таң ата күн күркіреп, найзағай ойнады.
Тұрғындар болса мұндай ірі бұршақты соңғы рет қашан көргендерін естеріне түсіре алмай отыр. Толассыз жауған жаңбырдан кейін түнгі сағат 22:55-те көлемі бөдененің жұмыртқасындай болатын бұршақ кейбір шымкенттіктердің зәресін алды. Ал, өзгелері болса оны жинап, суретке түсіріп, интернетке жүктеп отыр.
Тұрғындардың айтуынша, бұршақты жауын шамамен 10 минуттай жауған. Ең үлкен бұршақтардың диаметрі 3 сантиметрге дейін жетеді дейді олар.