АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді жұмыстан шығарды. Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің ресейлік саясаткерлермен кездескеніне қатысты жанжалдан соң осындай шешім қабылданып отыр деп жазады Centralasian.org.
АҚШ Сенаты Ресейдің америкалық сайлау науқанына ықпалын да тексеріп жатыр. АҚШ әкімшілігінің түрлі бөлімдеріндегі тергеуді үйлестіру қызметімен Джеймс Коми айналысқан еді.
Дональд Трамп ФТБ басшысының жұмыстан шығарылуын былай түсіндірді: "Бұл тергеуге менің қатысым жоқтығын маған үш мәрте хабарласаңыз да, мен әділет министрлігінің сізді Федералдық тергеу бюросын тиімді басқара алмайды деген ұстанымымен келісем".
Трамп өз мәлімдемесінде Комидің жұмыстан шығуы бюро үшін "жаңа бастама" болатынын атап өткен. Ақ үй арнайы қызметке жаңа басшы іздестіре бастайтынын хабарлады. Коми бұл қызметті 2013 жылдан бері басқарып келді.