$ 448.15  483.46  4.86

Астанадағы «Мәңгілік ел» салтанат қақпасында шолу алаңы ашылды

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында 20 метрлік «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының төбесінде панорамалық бинокльдермен жабдықталған шолу алаңы ашылды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Астана қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Бауыржан Мажағұлов қатысты. Көрікті нысанның әр қабатында қазіргі заман өнерінің көрме галереясы және Қазақстан тарихынан сыр шертетін жұмыстар мен тақырыптық роликтер көрсетілетін мультимедиялық қондырғылармен жарақталған. Осының бәрі «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының тұжырымдамасын аша түседі.

«Бұл қазіргі суретшілер үшін керемет алаң, олар бұл жерде өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсына алады. Қала суретшілері өз туындыларын қоятын орындар аз деп жиі шағымданады. Енді елордада тағы бір көрме залы ашылып, соның арқасында бұл сала жандана түседі. Жүйелі түрде көрмелер ұйымдастырып, түрлі қалалар мен елдерден суретшілерді шақыратын боламыз. Мұнда жеке көрмені де ұйымдастырып, триумфатор ретінде туындыларды көрме залының жоғарғы қабатына орналастыруға болады», - дейді Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы директорының орынбасары Неля Шиврина.

Көрме залының ауданы - 120 шаршы м. Панорамалық бинокльдерден келушілер елорда аумағы түгелдей дерлік тамашалай алады.  перед посетителями открывается широкий обзор на территорию столицы. Астанадағы  «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы елімізде рекордтық қысқа мерзімде (үш ай) салынып біткен жалғыз көрікті нысан саналады. Ол Париждегі Шарль де Голль алаңындағы Салтанат қақпасы, Барселона, Мумбаи, Бухарест және тағы да басқа әлем мегаполистеріндегі миллиондаған турист үшін тартымды нысандарға ұқсатып салынған.

Мәдени нысанға кіру бағасы қолжетімді, ересектер үшін билет құны - 500 теңге, балалар үшін - 250 теңге. Жұмыс кестесі елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы етіп құрылған, яғни, күнделікті түрде, дүйсенбіден басқа. Сонымен бірге, келушілер қаланы түнгі уақытта да тамашалай алады.

Еске салсақ, «Мәңгілік Ел» қақпасы ҚР Президентінің бастамасымен 2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылды. Ол тәуелсіз бен егемендік туралы ұлы арманына қол жеткізген Қазақстан халқының салтанатын бейнелейді. Нысанның авторлары - архитектор Сағындык Жамболатов, және мүсіншілер Мұрат Мансұров пен Нұрлан Далбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары