$ 499.51  525.83  4.62

Алматыда 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Алматы түбіндегі Райымбек ауылында 18 жастағы Зере Машарипова 17 сәуірде үйінен тіс дәрігеріне кетіп, қайта оралмаған. Содан бері бір ай бойы ол туралы хабар жоқ деп жазады Tengrineus.kz қыздың анасы Гүлайша Сердалиеваға сілтеме жасап.

"Тіс дәрігеріне қызым таңғы уақытта баратын, оның тісін жұлған, түстен кейін тағы да келуін сұраған. Түсте ол сол жаққа кетіп, содан оралмады. Стоматолог таңғы уақытта келгенін, бірақ түстен кейін көрінбегенін айтты. Зеренің телефоны сөндірулі. Полицияға хабарластық, нәтиже жоқ", - дейді қыздың анасы.  

"Біз білетін құрбыларының бәрінен сұрадық, бармаған жеріміз жоқ, ешкім ештеңе білмейді. Тіпті балгерлерге де бардық. "Битва экстрасенсов" шоуына қатысқан балгерлердің бірі қызымды біреулердің Бішкекке алып кеткенін айтты", - дейді әйел. 

Жоғалған күні қыздың үстінде джинс пенжегі, көк кофтасы, көк шалбары болған. Белгілері - қоңыр бұйра шашты, орта бойлы, толықтау келген. Шешесінің айтуынша, Зере Алматыдағы Шаляпин-Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы балалар аттракциондарында оператор болып жұмыс істеген. Қандай да бір ақпарат білетіндерден +7 747 763 93 06 нөміріне хабарласу сұралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары