$ 499.51  525.83  4.62

Жамбыл облысында 13 жасар екі бала суға ағып кетті

Қайғылы оқиға 14 мамыр күні Көгершін ауылында (Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы) орын алған. Демалыс кезінде осындағы өзенге 2004 жылғы екі жеткіншек құлап кетіп, тұншығып қайтыс болған.

Балалардың денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты. Қайғылы оқиға туралы ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та растап отыр.

Tengrineus.kz порталының хабарлауынша, қайтыс болған жеткіншектер 7-сынып оқушылары екен. Екеуі бір сыныпта оқыған.

"Бүгін таңертең олар сыныптастарымен бірге табиғатқа демалуға шыққан. Балалардың бірі шомыламын деп суға ағып кеткен көрінеді. Екінші бала оны құтқарамын деп өзі де тұншығып қайтыс болды. Қазіргі таңда құзырлы орган мамандары балалар оқыған мектепте тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген ақпараттық портал таратқан мәліметті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары