$ 499.51  525.83  4.62

Еліміздің кей аймақтарында күн қайта суытады

Алдағы үш күннің ауа райына болжам жасаған "Қазгидромет" синоптиктері еліміздің басым аумағында күннің қайта суытатынын мәлімдеп отыр.

Мамандардың айтуынша, салқын атмосфералық фронттар Қазақстанға Батыс Сібірден келген. Соның салдарынан республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

Солтүстік облыстарда түнде -3 градустық аяздар орнап, жаңбыр соңы сулы қарға ұласуы мүмкін. Суық арктикалық фронттардың жүруіне байланысты 17-18 мамыр күндері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде нөсерлі жауын жауады.

Астанада 16 мамыр күні өтпелі жаңбыр жауып, күн бұлтты болады. Түнде жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жел соғады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы +4+6 градус, күндіз +15+17 градус жылы. 17 мамырда да елордада күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз.

16-18 мамыр аралығында Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады. 16-17 мамыр күндері найзағай ойнап, жел күшейеді. Түнде ауа температурасы +12+14, күндіз +30+32 градус жылылықты көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары